jasqazaq.kz

Қатаң карантин шаралары 2 тамызға дейін ұзартылды

14 шiлде 2020, 11:56

Үкімет басшысы Асқар Мамин қазақстандықтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында алдағы кезеңге бірқатар нақты міндеттеме белгіледі. Осы тапсырмалар бойынша мемлекеттік органдардың ұсыныстарын тыңдадық. Бұл ретте ұсыныстарды ескере отырып, келесі шаруаларды тапсырамын», — деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Асқар Мамин алдымен коронавирус пандемиясымен күрес жүргізу үшін құзырлы органдарға бірқатар міндет жүктеді. «Қатаң карантиндік шаралардың екінші аптасы өтіп жатыр. Вирустың таралуы бойынша жағдай күрделі.

Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша эпидемиологиялық ахуалды одан ары тұрақтандыру үшін шектеу шараларын тағы екі аптаға, 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдап отырмыз. Осы ретте барлық қазақстандықтады карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамын. Бұл шаралар аса маңызды.

Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен, мүдделі мемлекеттік органдармен карантинді одан ары жүзеге асыру үшін барлық шараларды іске асырсын», — деді ол. Үкімет басшысы дәрі-дәрмектің қажетті қоры барын айтып өтті.

«Әрі ол үнемі толықтырылып отырады. Оларды дәріханалар мен стационарларға нақты бөлу бойынша барлық шараларды қамтамасыз ету қажет. Атырау және Маңғыстау облыстарында вирусты жұқтырғандар санының артуына байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін осы өңірлерге мамандар жіберілді. Бұл шара Атырау облысын — 102, Маңғыстау өңірін 56 маманмен жұмысты нығайтуға мүмкіндік жасайды. Аталған әкімдіктер жіберілген мамандарға көмек көрсетсін», — деді ол.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия