jasqazaq.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановты қабылдады

13 желтоқсан 2022, 14:52

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Республикасымен тауар айналымы биыл 9 айда 466 миллион доллардан асқанын айтты. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және басқа да салалардағы байланыстар нығайып келе жатқанына көңілі толатынын жеткізді.

Рустам Минниханов Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. Сондай-ақ машина жасау саласындағы ірі жобалар табысты жүзеге асырылып жатқанын айтып, Татарстан компаниясы еліміздің Саран қаласында салған шина зауытынан бүгін алғашқы өнім шыққанын атап өтті.

Зауыт келесі жылы толық қуатта жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Кәсіпорын жылына жеңіл және жүк көліктеріне арналған 3,5 миллион дөңгелек шығарады. Зауытта 1,1 мың жұмыс орнын ашу қарастырылған, инвестиция көлемі – 400 миллион доллар.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзара серіктестікті одан әрі нығайтудың маңызды екеніне тоқталып, еліміздегі бірлескен жобаларға қолдау көрсетуді жалғастыра беретінін жеткізді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр