jasqazaq.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев: Сауда соғысы, инфляциялық қысым сынды күрделі ахуалға тап болдық

09 маусым 2022, 17:43

Осыған байланысты мемлекет пен билік бірлесіп жаңа ережелерге бейімделу керек. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгінгі кеңес отырысы жаһандық логистикалық тізбектердің үзілуі, сауда соғыстары, теңдессіз инфляциялық қысым сынды барынша күрделі ахуал аясында өтіп жатыр. Мұның барлығы – бүгінгі күннің объективті шындығы. Мұндай ахуалда мемлекетке де, бизнеске де ойынның жаңа ережелеріне жедел бейімделу талап етіледі. Тек солай ғана бәсекеге қабілеттілікті сақтап қала аламыз. Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңіне өтті. Елде мен ұсынған демократиялық реформалардың ауқымды бағдарламасы рет-ретімен жүзеге асырылуда. 5 маусымда жалпыұлттық референдум өтіп, онда азаматтар Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар жобасын қолдады. Дауыс беру нәтижесінде Конституцияның үштен біріне түзету енгізілді», — деді Қазақстан Президенті.

Оның айтуынша, түзетулердің қатарында Президент өкілеттігін қайта қарау, саяси партиялардың дамуы үшін мүмкіндіктерді кеңейту, сайлау процесін жетілдіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайту бар.

«Бұған қоса, біз жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар кешенді экономикалық түрленумен қатар жүруі тиіс деген сенімдеміз. Дәл осындай әдіс бізге орташа кіріс қақпанынан сытылып шығуға және келесі даму деңгейіне көшуге мүмкіндік береді. Сондықтан экономиканы дамытудың жаңа реформасын дайындаймыз. Бұл бәсекеге қабілетті болуды көздейді. Бұл ретте, елге инвесторлар ағынын арттыру мақсатында кешенді шаралар атқарылады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде