jasqazaq.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады 

09 шiлде 2022, 11:06

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын бүгінгі мейраммен құттықтады. ҚазАқпарат Президент құттықтауының толық мәтінін жариялайды.

Қымбатты отандастар! Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – имандылық пен адамгершіліктің, мейірімділік пен жанашырлықтың мейрамы. Мұсылмандар осы күндерде мұқтаж жандарға көмектесіп, қамқорлық көрсетеді. Бір-біріне ізгі тілектерін айтып, жақсылық жасауға ұмтылады. Құрбан айт мейрамы елімізде рухани құндылықтарды берік орнықтырып, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтау жолында ерекше рөл атқарады. Бұл мереке Қазақстанда тұратын түрлі этнос және конфессия өкілдерінің өзара сыйластығы мен құрметін арттырып, достығын нығайта түседі. Халықты береке-бірлікке шақырып, ырыс-ынтымағын еселейді. Бейбітшілік пен ізгіліктің бастауы болған ата дініміздің басты мәні – осында. Бүгінгі ұлық мейрамда шалған құрбандықтарыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде