jasqazaq.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бизнес пен мемлекет арасы алшақтап барады

21 қантар 2022, 15:25

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шағын және орта бизнеске жүктелген қатаң карантиндік шараларды қайта қарауды тапсырды.

Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекет пен шағын және орта бизнес арасындағы сенімсіздік артып келеді. Әсіресе COVID-19-ға байланысты карантин шаралары қатаңдатылуы жағдайды ушықтыра түскен.

«Айтпақшы, біз омикрон түріндегі COVID індеті жалпыға ортақ құбылысқа айналады деген тоқтамға келдік. Халықтың басым бөлігі қайткен күнде де омикронмен ауыруға мәжбүр болатын сияқты. Мұндай жағдайда шағын және орта бизнеске жүктелген, әсіресе қызмет көрсету саласындағы қатаң карантиндік шаралардың қаншалықты ұтымды, іске жарамды екенін зерделеу қажет. Үкіметке айтарым – осының бәрі қайта қараңыздар. Жағдай осылай өрбитін болса, несіне шағын және орта бизнесті тұншықтырып, экономикада теңсіздік жасауымыз керек?»,- деді Мемлекет басшысы Қазақстанның ірі бизнесмендерімен кездесуінде.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде