jasqazaq.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бейбіт өмірсіз даму да болмайды

01 наурыз 2022, 13:31

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Ұстанымымыз мемлекетіміздің қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету тұрғысында болуы тиіс. 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитін өзінде қабылдаған ел ретінде біз еуразиялық қауіпсіздіктің тұтастығы ұстанымын қолдаймыз. Бұл жайында мен 10 ақпандағы Мәскеуге сапарым барысында да айттым. Тұтастық ұстанымы және қауіпсіздіктің ортақтығы өзара сенім негізіндегі өзара түсіністікті білдіреді. Өкінішке орай, мұндай жағдай орын алған жоқ. Мииск келісімі қағаз күйінде қалып қойды. Бұл Украина аумағындағы әскери іс-қимылға алып келді. Геосаяси ахуал теңдессіз түрде шиеленісті», — деді Мемлекет басшысы «Аманат» партиясының кезектен тыс съезінде.

Сондықтан Қазақстан Президенті екі мемлекетті де уағдаластық пен келісімге келуі үшін келіссөздер үстеліне отырып, ортақ тіл табуға шақырды.

«Басқа жолы жоқ. Бейбіт өмірсіз даму да болмайды. Қазақстан өз тарапынан барлық жәрдемін, оның ішінде арағайындық қызметін көрсетуге дайын. Әрине, егер ол қажет болса», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚазАқпарат

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр