
Ақордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалымен кеңес өтіп жатыр. Бұл жайында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Құрманғали Фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Ақорда» резиденциясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен кеңес басталды. Жиынға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері қатысуда», — деп жазды ол.