jasqazaq.kz

Қасқыр атуға тыйым салынды

17 ақпан 2019, 16:12

Қазақстан территориясында қасқыр аулаудың лимиті бекітілді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Фейсбук парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үстіміздегі жылдың соңына дейін Ақмола, БҚО, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында қасқыр атуға тыйым салынды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл өңірлерде аталған дала жыртқышының түрі азайған. Атап айтсақ, Ақмола облысында 30 қасқыр қалса, Павлодар облысы бойынша бұл жануардың 194 басы ғана қалған. Ал өткен жылдың дерегі бойынша жалпы ел аумағында 13 мыңнан аса қасқыр бар. Ескере кететін жайт, жоғарыда аталып өткен бес өңірде қасқырды тек қана адамға немесе үй жануарларына шабуыл жасағанда, сондай-ақ, ауылды елді мекен территориясында жүрген жағдайда ғана атуға рұқсат етіледі.

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда