jasqazaq.kz

Қасқабұлақтағы жаппай тәртіпсіздікте әкім соққыға жығылған

13 тамыз 2020, 0:24

Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікте ауыл әкімі таяқ жеген. Талас ауданына қарасты Қасқабұлақ ауылына бірнеше күн бұрын бір топ адам түн жарымда төбелес шығарған еді. Осы оқиғадан кейін облыс әкімінің өзіне елдімекенге арнайы барып, жұртты сабырға шақырды.

Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі:

— Осының бәрі осымен қалу керек. Қайталанбау керек. Онсыз болмайды. Бірінші – жауапкершілік, міндет, ол – ата-ананың міндеті. Қазақ айтады: «Ұяда не көрсең, ұшқандай соны ілесің». Барлық тәрбие ананың сүтімен келеді. Ең негізгі міндетіміз – өсіп келе жатқан жастарға дұрыс тәрбие беріп, соны сақтауымыз керек.

Бес-алты көлікке мінген жастар ауылға баса-көктеп кіріп, үйлерді таспен атқылыпты. Бес үй мен клубтың терзесі сынған. Ал оларды тоқтатуға ауыл әкімі шыққанымен, соққыға жығылып тынған. Абырой болғанда, жарақаты жеңіл. Өзге жапа шеккендер жоқ. Полицейлер елдің үрейін алған 14 адамды ізін суыпай ұстап, қамауға алды. Олардың неліктен мұндай қадамға барғаны тексерілуде. Қазір бұзақылық бабымен іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Ауылдағы ахуал қазір тұрақты.

Тимур Жаңабаев, Талас аудандық ПБ бастығы:

— 14 адамды ізін суытпай ұстады. Ұсталғандар Талас аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 293-бабымен бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ktk.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия