jasqazaq.kz

Қаскелеңдегі жарылыстан тағы бір адам қайтыс болды

08 қантар 2020, 23:13

Жарылыс екі адамның өмірін жалмады. Алматы облысында көпқабатты үйде газ жарылып, соның салдарынан 10 жасар оқушы оқиға орнында жан тапсырған еді. Ал 82 жастағы әже жансақтау бөлімінде көз жұмды. Төтенше жағдайдан тағы алты адам жарақат алған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Жамбыл Бердәлиев, Қарасай аудандық орталық аурухананың дәрігері:

— Үш баланың жағдайы қазір орташа ауыр. Үлкендердің біреуі ауыр халде болды. Ол қайтыс болды. Барлық медициналық көмек көрсетілді. Соған қарамастан, жарақаты ауыр болған соң көз жұмды.

Оқыс оқиға Қаскелең қаласындағы тұрғын үйдің бесінші қабатында болған. Жарылыстың қатты болғаны сонша, бірден төрт пәтер бүлініпті. Есік-терезелердің де күл-талқаны шығып, үйлердің арасын жалғайтын қабырғалар опырылып түскен. Жан-жаққа ұшқан терезе сынықтары есік алдындағы тұрған көліктерге де зақым келтіріпті. Әбден қорқып қалған бүтін бір көпқабатты үйдің тұрғындарын жергілікті әкімдік уақытша қонақ үйге орналастырды. Қазір жарылыстың нақты себебін анықтау үшін мамандар газ құбырларын тегіс тексеріп жатыр.

Нұрдәулет Тәліпов, Қарасай ауданы әкімінің баспасөз хатшысы:

— Көпқабатты үйде газ беру тоқтатылды. Қазір арнайы комиссия құрылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал зардап шеккен пәтерлердің барлығын біз жөндеп береміз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде