jasqazaq.kz

Қаскелеңде көкпарға қатысқандар 10 тәулікке қамалды

18 мамыр 2022, 11:51

Қаскелең полициясы тұрғындардың өміріне қауіп төндірген көкпарға қатысқан алты адамды ұстады. Олар тәулікке қамауға алынған, деп хабарлайды Stan.kz.

Бастапқыда ойын қала сыртында өткені белгілі болды. Бірақ кейінірек қала көшелеріне көшкен. Ал ұйымдастырушы – бір жасар жиенінің құрметіне көкпар ұйымдастырған 66 жастағы зейнеткер.

«Қала тұрғындары мен көлік жүргізушілеріне қауіп төндіргені, сондай-ақ оларға материалдық залал келтірген алты көкпаршы ұсталды. Оларға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес («ұсақ бұзақылық») әкімшілік іс қозғалды. Әрқайсысына он тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі жаза қолданылды Сондай-ақ 614-баптың 1-бөлігі («көлікке кедергі жасау») бойынша да тіркелді», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр