jasqazaq.kz

Қаскелеңде 17 жастағы қызды екі көлік қағып кеткен (Видео)

22 қараша 2022, 16:05

Қаскелеңде 17 жастағы қызды екі көлік қағып кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде Қаскелең қаласында Сүлейман Демирел университеті маңындағы Абылай хан көшесінде болған ЖКО салдары түсірілген видео пайда болды. Видеода зардап шеккен қыз бен жедел жәрдем көрсетілген.

Алматы облысының полициясы 20 қарашада сағат 20:30-да Mitsubishi көлігін тізгіндеген 58 жастағы жүргізуші белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткенін хабарлады.

«Соққыдан жаяу жүргінші қарсы жолаққа ұшып кеткен, салдарынан оны басқа Mercedes-Benz көлігі қаққан. Оқиға салдарынан түрлі дене жарақаттарын алған 17 жастағы қыз Қаскелең қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды», — деді полициядағылар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі «Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң адам денсаулығына зиян келтiрiп жол қозғалысы ережелерiн бұзуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр