jasqazaq.kz

Қаскелең көшелерінде заңсыз көкпар ұйымдастырғандар ұсталды

17 мамыр 2022, 18:46

Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында заңсыз көкпар ұйымдастырғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көкпарды 66 жастағы Қаскелең тұрғыны жиенінің туған күніне орай ұйымдастырған. Ұлттық ойын қаланың шеткі аумағында болған. Бірақ артынша қала көшелерінде жалғасқан. «Ұсталған адамдар әкімшілік жауапкершілікке, яғни, ұсақ бұзақылық және көліктерге кедергі келтіру бойынша жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, полиция көкпардың өзге де қатысушыларын іздестіріп жатыр. Оның ішінде 34 жастағы тұрғынның көлігін бүлдірген адам да бар»,- делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз хабарламасында.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр