jasqazaq.kz

Қаскелең интернатындағы дау: Тәрбиешісі де емделіп жүр

02 наурыз 2018, 15:34

Қаскелеңде ақыл-есі кем балаларға арналған интернат оқушысының әкесі ұлы мен жартылай жалаңаш тәрбиешінің үстінен түскен. Алматы облысы білім беру басқармасы Sputnik Қазақстан тілшісіне осы оқиғаға қатысты мәлімет берді.

Ер адам 10 жастағы ұлын алып кету үшін интернатқа келгенде, бөлмеде екі әйел мен баласын көрген, әйелдердің бірі беліне дейін жалаңаш күйде төсекте жатқан.

Білім беру мекемесіндегі айғай-шу туралы Алматы облысы білім басқармасының мектеп алды, мектептен тыс және интернат мекемелері бөлімінің бас маманы Назира Жексембаева айтып берді.

Оның сөзіне сүйенсек, интернат тәрбиешісі жоғары білімді, интернатта 2009 жылдан бері істеп келеді. Бұрын баланың ата-анасымен ренжісіп, сөзге келмепті.

«Оның сөзіне сүйенсек, тәрбиеші Арсенге қарап, қамқор болып жүріпті. Мылқау бала болғандықтан, көп көңіл бөледі екен. Оның үстіне бала аутизм дертіне шалдыққан. Сол күні қан қысымы көтеріліп, тәрбиешінің жүрегі қысып, медбикені шақырады. Ал балаға ешкім тиіспесін деп бөлмеге кіргізіп алған. Қазір тәрбиеші емделіп жүр, жүрек қызметінің жетіспеушілігі диагнозы қойылған», — деп түсіндірді Жексембаева.

Білім беру мекемесінде қызметтік тексеру жүріп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде