jasqazaq.kz

Қасиетті Құран кітабы өрттен аман қалған

05 сәуiр 2018, 10:20

Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Сайділда қажы (Шайдолла) Түйтібекұлының жеке заттары көрсетілді.

Nur.kz хабарлағандай, жұртшылық назарына тұңғыш рет Ертіс өңірінің сакралды географиясы картасына зираты енгізілген Качир ауданының тумасы Сайділда қажы (Шайдолла) Түйтібекұлының жеке заттары көрсетілді. Оның ішінде қолжазбалар, Құран кітабы мен тақиясы бар. Әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ербол Қайыров жеті жылдан бері ел аралап, Сайділда қажының өмірін зерттеумен айналысуды қолға алған.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Омбы мұражайлары және Уфа қаласындағы Ғалия медресесімен хат алмасудамыз. Бүгінде ол кісінің 16 беттен тұратын шағатай тіліндегі қолжазбасы табылып отыр. Өкінішке орай, елімізде шағатай тілінде оқитын адамдар жоқ. Сондықтан Ғылым министрлігінің шығыстану институтына жіберіліп, төрт беті ғана оқылған», — дейді дейді бөлім меңгерушісі.
Ербол Қайыровтың айтуынша, бүгінгі көрмеге Шайдолла Түйтібекұлының Әбілқасан Жеңіс деген азамат сақтап келген Құран кітабы қойылған.

Ел аузынан тараған деректер бойынша кезінде мешіт пен медресе салған кезде шыққан өрттен Құран кітабы аман қалған. Өзі тұрғызған медреседе Новосібір және Омбы аймақтарынан, Ертістің арғы-бергі жағынан келген балалар білім алған. Өкінішке орай, Кеңес үкіметі орнаған кезде мешіт пен медресе бұзылған. Мешіттің едені мен басқа да материалдарынан көрші орыс ауылдарында мектеп салған. Алайда сол мектеп көпке ұзамай отқа оранған. Ел арасында қалған аңыздарға сүйенсек, көне шағатай тілінде жазылған қолжазбалардың көбі өзімен бірге жерленген, бірқатары жиендерінде сақталған.

Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам