jasqazaq.kz

Қасиетті қазақ тілі — өз тілім, өз тілімде бұлқынады жүрегім!

06 қазан 2020, 10:36

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» №689 қаулысының негізінде айтулы мерекелердің арасында Қазақстан Халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланады.

Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына
да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін
күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған
күні.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология факультеті, Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы Өтемісова Гүлмира Жеткергенқызының ұйымдастыруымен Қазақ филологиясының 1-курс студенттері тіл тазалығын сақтау, ана тілін құрметтеу, сүйе білуге тәрбиелеу мақсатында «Қасиетті қазақ тілі — өз тілім, өз
тілімде бұлқынады жүрегім!» атты мерекелік кеш өткізді.

Кеш Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі»
өлеңін мәнерлеп оқуымен басталды. Тілді жасаушы – халықтың өзі. Тіл халыққа қызмет етеді. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.

«Күй — көкіректі кернейтін келісімсіз ізгілік әуені» дегендей Кетбұға мен Кербаланың, Дәулет пен Ықыластың өнегесін көрмесе де, өзіндік ісін өзгелерден өзгеше жасайтын, өр мінезді өнерлі өреніміз Сабыржан Ершат
«Ата толғауы» мен «Әлқисса» күйлерін тарту етті.

Тұрсынбай Ұлпан қазақтың ұлы ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қазақ тілі» өлеңін және Тұрсын Жансая дара ақын Оразақын Асқардың «Үйрен ана тіліңді» өлеңін оқып, кештің сәнін келтірді.
Алтай мен Арқаның атырабын, Еділ мен Жайық арасын өзекті өткір тілімен де, бұлбұлша сайратқан көмекейлі
әуезді әуенімен де, тебірентіп тербеткен әншілеріміз аз болмаған. Сондықтан ақ жарқын тілекпен Сейітжаппар Ақтілек «Ана тілім» әнін шырқап, көңілді шат етті.
Тіл туралы мақал-мәтелдер жасырылып, көрерменнің ой ұшқырлығы анықталды. Ұлылардың тіл жайында қалдырған өшпес сөздерін студенттер образды сомдады. «Бөтен сөзбен былғанса, сөз арасы,
Ол ақынның білімсіз бейшарасы», — деп, 175 жылдық мерейтойы тойланып жатқан Абай атамыз айтқандай, әр уақытта тілі үшін еміренген, тілім деп жанын беріп жан алысқан, тілім деп-ақ тіршіліктен қол үзген ұлылар мен жанкешті тұлғаларымыздың ана тілдері үшін істегендері бір төбе. Сол
іскерлік әрекеттерді өз жан дүниесімен жалғастырып, тілдің жанын түсінген Тансықбаева Феруза, Хамидашқызы Серікгүл, Шайық Жанель өз арнауларын мәнерлі үнімен әсерлі жеткізді.
Қазақ әрқилы оқиғаны домбырамен өрілген күй арқылы шебер жеткізген.

Шаймерденова Камила «Ерке сылқым» күйін сызылта тартып, көрермендерін тәнті етті. Тілдің өр рухты өлкесі болған, ерен Түркістанның өр тұлғасы, асқар адуынды ақын, шындықтың өшпес символы бола
білген Мұхтар Шахановтың «Рух пен тіл» өлеңін Орақбай Жанерке зілді үнімен рухтандырып, керемет орындады.

Несіпбек Айтұлының «Ана тілім» өлеңін бір топ студенттер мәнерлеп оқып, әдемі көңіл-күй сыйлады.

70-ке жуық тіл білген Әл-Фараби бабамыздың өзі туған тілін әсте биік тұтқан. Кешіміздің соңын Бауыржан Момышұлының сөзімен түйіндесек: «Қазақ тілі түрлі тілдердің ішіндегі ең таза, әрі бай тілге жатады. Қазақтар шешен, әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері». Сондықтан тілімізді бар байлығымыздай бағалайық! Қазақ тілінің тұғыры биік, мәртебесі үстем болсын!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, ф.ғ.к.
Өтемісова Г.Ж.
Қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, ф.ғ.к.
Дәрменқұлова Р.Н.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде