jasqazaq.kz

Қашып кетпек болды. Полиция жабылып жүріп ұстады (Видео)

06 қыркүйек 2021, 10:23

Әлеуметтік желіде полиция қызметкерлерінің екі көлігі жүк тиейтін ауыр көліктен жүргізушіні күштеп шығарып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Полицияға 5 қыркүйекте Ерубаев көшесінде жүк тиейтін ауыр көліктің жол қозғалысы ережесін бұзуы, ал жүргізушінің өзі мас болуы мүмкін деген хабарлама келіп түсті. Ақпарат түскен бойда оқиға орнына Түркістан қалалық ПБ Жершілікті полиция қызметінің патрульдік полициясының автокөлік экипажы аттанды.

Жол қозғалысы ережесін бұзған көліктің тоқтауын сұрағанда жүргізуші заңды талаптарға бағынбай, қашып, жасырынуға тырысты. Тәртіп сақшылары кедергілер жасай отырып, қашып кетпек болған көлікті тоқтатты, содан кейін жүргізушіні көлік ішінен күшпен шығарды, — деп хабарлады Түркістан облыстық ПД.
Қылмыскер жергілікті тұрғын болып шықты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 5 бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Атап айтқанда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595-бабы (Маневр жасау ережелерін бұзу), 606-бабы (Апатты жағдай тудыру), 599-бабы (Бағдаршамның қызыл түсіне өту), 613-бабы (Заң талаптарына бағынбау) және 608-бап (Мас күйінде көлік жүргізу).

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде