jasqazaq.kz

Қашықтан оқу үшін қызына берілген ноутбукты сатып жіберген әйел сотталды

05 тамыз 2021, 17:59

Семей қаласында қашықтан оқу үшін қызына мектептен берілген ноутбукты сатып жіберген әйел түрмеге қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қашықтан оқыту кезінде аз қамтылған отбасыдан шыққан 4-сынып оқушысына мектеп әкімшілігі уақытша қолдануға ноутбук берген. Алайда бірнеше айдан кейін қыздың ноутбукты мүлде қолданбайтындығы анықталды. Онлайн сабақтарға оқушы жиі қатыспай, үй тапсырмаларын орындамай келген. Осыған байланысты мұғалімдер баланың анасымен сөйлеспек болады.

«Қызына берілген құны 160 мың теңгелік ноутбукты әйел адам 40 мың теңгеге сатып жіберген. Айыпталушы осындай қадамға ақшаға қатты қысылғандықтан барғандығын айтты. Десе де әйелдің бұл соманы алкогольді ішімдік алуға жұмсағаны белгілі болды», — делінген ақпаратта.

Семей тұрғыны бұған дейін де сотты болған екен. Өткен жылдың тамыз айында қарақшылық жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда қарамағында кәмелеттік жасқа толмаған баласының болуына байланысты сот шешімінің орындалуы 3 жарым жылға шегерілді.

«Қайтара қылмыс жасағаны үшін сотталушы 7 жыл 6 ай мерзімге темір торға қамалды. Сонымен қатар әйелден білім беру мекемесінің пайдасына 160 мың теңге өндіру туралы азаматтық талапты қанағаттандырды», — делінген мәліметте.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия