jasqazaq.kz

Қашықтан оқу қалай жүргізіледі?

05 сәуiр 2020, 19:08

#үйдеотыр

6 сәуірден бастап Қазақстандағы мектептер қашықтан сабақ беру форматын іске асырады. Осы орайда төртінші тоқсан аясында мектеп оқушыларына телесабақтар қалай өткізілетінін тағы да еске салуды жөн көрдік.

1. Телесабақтар тиісті кестеге сәйкес өткізіледі, сабақ таңғы сағат 9:00-де басталады. Біріншіден, телеарналар арқылы сабақтар бұл «Балапан», «Ел арна» арқылы өткізіледі. Сабақ біреуінде қазақша, екіншісінде орыс тілінде жүргізіледі. Күніне 8 сағаттан эфир белгіленген.

2. Қашықтан оқыту аясында әрбір мұғалімнің шығармашылық қадамы ескеріледі. Бұрындары сабақ 08:00-де басталып, одан кейін 10 минут үзіліс беріліп, қайтадан келесі сабақ болатын. Ал қашықтан оқыту өзгеше жүргізіледі. Мектеп директорлары мұғалімдерден есеп беруді талап етпейді. Мұғалім әр баламен жекелей өткен материалды пысықтайды.

3. Телесабақтың әрқайсы 10 минутқа созылады. Осыдан кейін өткен тақырып бойынша мұғалім қосымша материал ұсынуы керек. Оқу құралына негізделе отырып, оқушылар үшін үй тапсырмасын дайындау қажет. Егер интернетке қосылу мүмкіндігі болса, онда «Bilimland», «Күнделік», «Дарын онлайн» секілді оқыту тұғырнамаларын қосымша пайдалануға кеңес берілген.

4. Кері байланысты электронды журналдар арқылы іске асыруға болады. Алты мыңнан астам мектеп «Күнделік» электронды журналына тіркелген. Сонымен қатар, пайдалануға болатын журналдардың басқа да түрлері бар. Егер олар қолжетімсіз болса, онда қағаз түріндегі дәстүрлі журналды пайдалану мүмкіндігі бар. Мұғалім оқушы қай тапсырмаларды орындағанын белгіліп, баланың жұмысын бағалайды.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі