jasqazaq.kz

Қашықтан оқитын 5 оқушыдан коронавирус анықталды

29 қыркүйек 2020, 14:00

Жаңа оқу жылы басталғалы елордада мұғалімдер арасында коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелмеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева мәлім етті. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«6 қыркүйектен бастап оқушылар арасында індет жұқтырудың алты жағдай тіркелді. Оның ішінде бір оқиғада бала мектепке барып жүрген, қалған бесеуі қашықтан оқыту тәртібінде білім алды», — деді Пралиева баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, байланыста болған адамдар тексеруден өткен.

«Барлығында індет анықталмады. Жалпы 13 бала мен 6 мұғалім тексерілді. Мектепте дезинфекция жүргізіліп, балалар мен мұғалімдер үйде карантинде болды», — деді ол.

Сонымен қатар, Ж. Пралиева мектеп мұғілімдері арасында коронавирус жұтыру жағдайы тіркелмегенін айтты.

Айта кетейік, қыркүйек айының басында еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері болған Айжан Есмағамбетова егер сыныпта бір оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталатын болса, мамандар эпидемиологиялық тексеріс жүргізетіндігін айтқан болатын.

Сондай-ақ, ШҚО мектебінде оқушыдан коронавирус табылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде