jasqazaq.kz

Қашағанда мұнай өндіру тоқтатылды

01 маусым 2022, 14:53

1 маусымнан бастап NCOC компаниясы Қашаған кен орны кешеніндегі өндірістік нысандарын жөндеу жұмыстарына тоқтатты. Бұл туралы компанияның ресми сайтында жазылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоспарлы профилактикалық жөндеу жұмыстары маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бірнеше жылда бір рет өндірісті қысқа мерзімге толық тоқтатуды көздейді, делінген хабарламада.

Қашаған кен орнының өндірістік объектілеріне жоспарлы профилактикалық қызмет көрсетудің мақсаты:

өндірістік жүйенің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген мiндеттi қызмет пен тексеру;

өнімділікті, сондай-ақ өндіріс жүйесінің сенімділігін оңтайландыру және одан әрі арттыру бойынша жұмыстар мен жобаларды орындау.

2 миллион адам-сағаттан астам ауқымды жұмысты 45 күн ішінде аяқтау жоспарлануда.

Қашаған кен орны ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып саналады. Оның алынатын қоры 9-13 миллиард баррель мұнайды құрайды.

Қашағандағы коммерциялық өндіріс 2016 жылдың күзінде басталды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр