jasqazaq.kz

Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан компания мемлекет меншігіне өтеді

29 маусым 2022, 10:01

Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан компания мемлекет меншігіне өтеді. Бұл туралы үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«GPC Investment» ЖШС компаниясы республикалық меншікке беріледі. ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады.

«GPC Investment» ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлестерінің 100 пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Tau Bereke Group» ЖШС-ның ұсынысы қабылдансын», — делінген қаулы мәтінінде.

Айта кету керек, «GPC Investment» компаниясы – «Қашаған кен орны шикізатының базасында қуаты 1,15 млрд м3 газ өңдеу зауытын салу» жобасының операторы.

Жеке инвестордың жобаны іске асыруды жалғастырудан бас тартуына байланысты «GPC Investment» компаниясы «QazaqGaz» ҰК» АҚ балансына беріледі.

Өз кезегінде, бұл ішкі нарықты бағасы қолжетімді тауарлық және сұйытылған газбен қамтамасыз етуді арттыруға, сондай-ақ зауыт құрылысының жобасын уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде