jasqazaq.kz

Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес кепілсіз несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін есептеудің жаңа әдістерін талқылады

19 желтоқсан 2022, 16:46

Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес есептеудің жетілдірілген әдіснамасы негізінде кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәнін қайта қарау мәселесін талқылады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, қазақстандықтардың борыштық жүктемесін төмендету мақсатында аталған шараларды қарастыру жоспарланып отыр. Есептеудің жаңа әдістемесі халық үшін кепілсіз тұтынушылық кредит беру құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

«Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кепілсіз онлайн-микрокредиттерді тұтынушылық реттеуді күшейту бойынша бірқатар ұсыныс енгізді. Талқылау қорытындысы бойынша кеңес мүшелері ЖТСМ анықтау тетігіне ұсынылған тәсілдерді мақұлдады, сондай-ақ агенттікке кепілсіз онлайн-микрокредиттерді тұтынушылық реттеуді күшейту жөніндегі жұмысты жалғастыруды ұсынды», — делінген баспасөз хабарламасында.

Ұлттық Банкте атап өткендей, отырыста қаржылық тұрақтылық индексін әзірлеу бойынша Ұлттық банк жұмысының нәтижелері де қаралды. Бұл құрал 2023 жылы пилоттық режимде қаржылық стрессті сандық өлшеу және экономикадағы қаржылық ауытқуларды дұрыс түсіну үшін пайдаланылады.

«Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңесі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында қаржы секторының өзекті мәселелерін талқылау бойынша өз жұмысын жалғастырады», — деп түйіндеді мамандар.

Айта кетейік, кеңес жұмысына Қазақстан Ұлттық Банкінің, Президент Әкімшілігінің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қаржы министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басшылары қатысты.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді