jasqazaq.kz

Қаржы пирамидасының белгілері бар тағы бір компания анықталды (Видео)

22 қараша 2021, 13:24

Ақмола облысында қаржы пирамидасының белгілері бар «River Coins Limited» компаниясы анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржы пирамидалары қомақты соманы салуды талап етеді және қосымша қаражатпен қоса, қысқа уақыт ішінде қайтаруға кепілдік береді.

Бұдан басқа, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің азаматтардан ақша тартуға лицензиясының болмауы қаржы пирамидасының маңызды белгісі болып табылады. Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «River Coins Limited» компаниясына қатысты 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың мамырына дейін ақшаны заңсыз тарту дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеруді бастады. Тергеу компанияда спираль қағидаты бойынша төлемдер жүйесі бар екенін анықтады.

Бірінші деңгейдегі салымшылар жаңа салымшылардан түсетін жарналарды қайта бөлу есебінен сыйақы алып отырған, «River Coins Limited» компаниясы ҚР аумағында кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелмеген, банк операцияларын жасауға – қаражат тартуға және сыйақы төлеуге лицензиялары мен рұқсаттары жоқ.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде