jasqazaq.kz

Қаржы пирамидасының 10 белгісі

22 ақпан 2018, 15:54

ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында қаржы пирамидасының белгілерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаржы пирамидаларының жұмысы өте жақсы ұйымдастырылған. Олар неше түрлі қитұрқы әрекетке барады. Ұлттық банктің сайтында қаржы пирамидасының тұзағына түсіп қалмаудың арнайы жадынамасы көрсетілген»,- деді Данияр Ақышев.

Бұл жадынамаға сәйкес, қаржы пирамидаларының біріншіден, Ұлттық банктен депозит ашу туралы арнайы лицензиялары болмайды.

Екіншіден, мемлекеттік тіркеу туралы жарғысы болмайды.

Үшіншіден, ұйымның қаржылық ахуалы туралы ақпарат жоқ.

Төртіншіден, салынған қаржының сақталуы туралы кепілдік жоқ.

Бесіншіден, нарық деңгейінен тым жоғары табыс ұсынылады.

Алтыншыдан, әр тартылған клиент үшін бонус беру.

Жетіншіден, тіркелген кезде ақша төлеу.

Сегізіншіден, БАҚ арқылы жарнама тарату.

Тоғызыншыдан, үлкен шаралар өткізіп, қымбат сыйлықтар беру.

Оныншыдан, ақша айналымы, бизнес жұмысы туралы ақпарат ашық емес.

«Азаматтарға осы 10 көрсеткішті есте ұстауға кеңес береміз. Ақшаңыздың сақталуы сіздің қырағылығыңызға байланысты», — деді ол.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды