jasqazaq.kz

Қаржы пирамидасына қатысты басты күдікті Молдовадан экстрадицияланды

01 мамыр 2020, 10:07

Қаржы пирамидасына қатысты басты күдікті Молдовадан экстрадицияланды.

30 сәуірде Қазақстан Ішкі істер министрлігі Молдова Республикасынан А.П. Мырзабековты экстрадициялауды жүзеге асырды, ол Қазақстан ІІМ-нің сұрау салуы бойынша 27 ақпанда Молдова астанасында ұсталып, Кишинев қаласының тергеу изоляторына қамалған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, А. Мырзабеков “Гарант 24 Ломбард” ЖШС-нің құрылтайшысы болып табылады. Сондай-ақ ол “ЕSTATE Ломбард” және “Выгодный займ” деп аталатын екі ұйымның қылмыстық әрекеттеріне басшылық жасаған.

Жоғарыда аталған барлық компаниялар Қазақстан аумағында қаржы пирамидаларын құрды, олардың алаяқтық схемасынан ондаған мың қазақстандық зардап шекті. Қазақстан полициясы Мырзабековты экстрадициялауды Бас прокуратураның және Сыртқы істер министрлігінің көмегімен жүзеге асырды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеуді ІІМ Тергеу департаменті жүзеге асыруда. Тергеу-жедел тобына барлық аумақтық полиция департаменттерінің қызметкерлері кірді.

Қаржы пирамидаларын құруда Ақтөбе өңірі орталық рөлін атқарғанын және ұйымдастырушылардың осы облыстың тумалары болып табылатынын ескере отырып, тергеу амалдары олардың қатысуымен Ақтөбе қаласында жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, аумақтық бөліністердің тергеушілері алданған салымшылар мен ұрланған қаражатты анықтау бойынша жұмысты жалғастырды.

Қазіргі уақытта ішкі істер органдарына 8 мыңға жуық азамат өтінішпен жүгінген, келтірілген шығын 10 млрд. теңгеден асады.

Зардап шеккендерден өтініштер әлі де түсіп жатыр. 42 күдікті адам анықталды, оның 19-ы сот санкциясымен қамауға алынып, сегізі іздестіріліп жатыр.

Тағы бір күдікті – А. Ысқақов қаржы пирамидасының белсенді қатысушыларының бірі, тергеуден қашқан ол Қырғызстан республикасында бой тасалаған еді.

Ол Бішкек қаласында ұсталып, 20 сәуірде Қазақстанға экстрадицияланды. Қылмыстық істерді тергеу барысы ІІМ басшылығының ерекше бақылауына алынды.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия