jasqazaq.kz

Қаржы пирамидасын құрған әйел адамдарды алдап 60 млн теңге жинап алған

16 қараша 2019, 14:13

Елорданың құқық қорғаушылары азаматтарды қаржы пирамидасынан сақ болуға шақырады. Қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Қазіргі уақытта қала сақшылары қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен қала тұрғыны (әйел) мен оның бірнеше сыбайласы бойынша іс жүргізіп жатыр. Істің жүргізілуіне 30 салымшының полицияға арыздануы себеп болып отыр. WhatsApp арқылы «Реальные доходы 1», «Реальные доходы 2» және «Триумф» чаттарын құрып, әйел астаналықтар мен басқа да өңірлерде тұратын азаматтардың ақшасын жинап алған.

«Азаматтардың сенімін, қаржылық сауатының аздығын пайдаланып, күдікті оларды бұл жобадан ешқандай қауіп жоқтығын айтып сендірген. Жобаға ақша салған адам 5-15 күннің ішінде 100 пайыздық кіріске ие болатынын алға тартқан. Азаматтар осылайша, жобаға 20 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін ақша салған. Салымшылардың басым көпшілігі ақшасын қайтара алмаған», — деп хабарлайды департаменттен.

Осылайша, тергеу нұсқасына сай, әккі әйелдің 32 адамды алдап, 60 млн теңге иемденгені анықталып отыр. Алайда алданғандардың саны одан да көп болуы мүмкін.

«Егер сіз немесе жақындарыңыз аталған қаржы пирамидасына ақша салып, алданған болса, Бейбітшілік көшесі 19 мекенжайындағы полиция департаментіне жүгінуіңізді сұраймыз», — делінген хабарламада.

Қалалық полиция департаменті азаматтарды қаржы пирамиадасынан сақ болуға, күдікті қаржылық ұйымдарға ақшаны салмауға шақырады. Құқық қорғаушылар егер бір адамдар сіздерді қысқа мерзімнің ішінде мол кіріске ие боласыз деп сендірсе, алдыңызда қаржы пирамидасы тұрғанын, оған салған ақшаңызды жоғалтып алатыныңызды ескертеді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда