jasqazaq.kz

Қаржы министрлігінің шенеунігі 400 млн теңгені жымқырды деп күдіктелуде

11 маусым 2020, 14:23

Желіде сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметкерлерінің екі адамды ұстаған сәтінен видео пайда болды. Олар 400 млн теңгені жымқыру ісі бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Telegram-арнасына сілтеме жасап nur.kz хабарлады.

Агенттік хабарламасында Шығыс Қазақстан облысында екі адамның ұсталғаны айтылды – бұл қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің қызметкері мен оның танысы. Олардың жергілікті кәсіпорындардың бірінің басшысын 40 млн теңге көлемінде пара беруге итермелегені белгілі болды. Күдіктілер оның есесіне кәсіпкерге қарсы қозғалған қылмыстық істі жабуға уәде берген. Айта кетейік, мәдениет және спорт министрлігінің комитетінен 400 млн теңге жымқыру ісі бойынша тергеу аясында аталған күдіктілердің қылмыстық әрекетін әшкерелеуге мүмкіндік туған. Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ірі көлемде ақша жымқыру ісі бойынша МСМ комитетінің қызметкері мен бұрынғы жұмысшысы күдіктеліп жатқанын хабарлаған. Аталған қаражат Риддердегі олимпиадалық резерв үшін арнайы мектептің құрылысына жұмсалуы тиіс болған. Агенттіктің ақпарынша, ұсталған қаржы министрлігінің қызметкері сол нысанның құырылысымен айналысқан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде