
Премьер-министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жалға пәтер беретін қазақстандықтарды «ашық» жұмыс істеуге шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берген Қаржы министрлігінің басшысы баспананы жалға беріп, табыс алатындар онсыз да салық төлеуі тиіс екенін атап өтті.
«Сондықтан, көші-қон полициясымен бірігіп, біріншіден, адамдарды «ашық» жұмыс істеуге шақырамыз және жұмыс істеп жатырмыз, адамдар өз кірісін, нақты қайда тіркелгенін және кім қанша пәтерді жалға беретінін жасырмауы үшін», — деді Жамаубаев.