jasqazaq.kz

Қаржы министрі бюджет қаражатын толық игермеген министрліктерді атады

10 желтоқсан 2020, 11:28

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын толық игермеген орталық мемлекеттік органдарды атады.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 97,8%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 98,9%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары – 97,2%-ке атқарылды. Республикалық бюджеттің шығыстары 12 трлн 503 млрд теңгені құрады және 137 млрд. теңге атқарылмаған. Оның ішінде 15 млрд теңге үнемделген, ал 122 млрд теңге игерілмеген», — деді Е. Жамаубаев Үкімет отырысында.

Әсіресе Қаржы министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Орталық сайлау комиссиясы, Денсаулық сақтау министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігі айтарлықтай ірі сомаларды игермеген.

«Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді, шарттарды жасасу рәсімдерінің ұзаққа созылуы, төлем құжаттарын ұзақ мақұлдау, атқарылған жұмыстардың актілерін ұсынбау, нақты көрсетілген қызмет, атқарылған жұмыстарға ақы төлеу және сот талқылаулары. Қаржы жылының соңына дейін республикалық бюджет бойынша 1 трлн теңгеден астам сомаға төлемдер жүргізілуі тиіс. Алдын ала деректер бойынша жыл қорытындысында республикалық бюджет шығыстарының атқарылуы 99,8% шегінде күтілуде. Сонымен бірге, жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша игерілмеу тәуекелі бар», — деді Қаржы министрі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде