jasqazaq.kz

Қаржы министрі 400 қызметтік көліктен бас тартты

14 ақпан 2019, 12:23

ҚР Қаржы министрі 400 қызметтік көліктен бас тартты. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Әлихан Смайылов айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Ағымдағы жылы аудандық бөлімшелерде қызметтік көліктерді пайдаланудан бас тарттық. Бұл — 400-ден астам автокөлік құралы. Қажетті автокөлік қызметтері бәсекелестік ортадан сатып алынады. Толықтай алғанда, жоғарыда аталған шара шамамен 3,5 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Үнемделген қаражат №304 жарлыққа сәйкес министрлік пен оның комитеттері қызметкерлерінің жалақысын көтеруге жұмсалады», — деді министр. Сонымен қатар ол министрліктің бухгалтерия, мемлекеттік сатып алу, қызмет көрсету, ғимараттар мен қызметтік көліктерді күтіп ұстау сынды жанама қызметтерді оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. «2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі орталықтандырылды. Министрліктің орталық аппарат, комитеттер, аумақтық бөлімшелер қызметкерлерінің жалақылары мен іссапар шығыстары бір орталықтан есептелініп, төленеді. Министрлік жүйесінде мемлекеттік орган мәртебесі бар 80 заңды тұлға бар. Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуға көшу жүргізілуде. Шамамен 90 пайызы орталық аппараттан сатып алынатын болады», — деді ведомство басшысы. Ә.Смайылов Қаржы министрлігінің бөлімшелері иеленіп отырған ғимарат алаңдары да оңтайландырылып жатқанын атап өтті. Осы уақытқа дейін шамамен 60 мың шаршыметр аумақ босатылған. «Ағымдағы жылы тағы 23 мың шаршы метр аумақты оңтайландыруды жоспарлап отырмыз», — деді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде