jasqazaq.kz

Қарызын қайтармаған 105 борышкер қамалды

22 сәуiр 2019, 19:35

Алматы облысында жыл басынан бері қарызын қайтармаған 105 борышкер қамауға алынды. Олардың арасында әкімшілік айыппұлын өтемеген, алимент төлемеген азаматтар басым, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысында 400-ге жуық азамат мемлекетке ақша қарыз. Олардың тек 178-і 4 млрд, 600 млн теңге берешек. Мәселені шешу үшін құзырлы органдар бірлесе отырып арнайы рейдтер ұйымдастыруға мәжбүр. Полиция қызметкері жылжымалы қондырғы арқылы борышкер көлігінің мемлекеттік нөмірін анықтайды. Жол полицейі көлікті тоқтатады. Мамандар мәліметтер базасынан қарызын тауып берсе, сот орындаушылар өндіруге кіріседі. Берешегі көп болса көлігін айып тұрағына қойып, өзін қамауға алуға да құқылы. «Мұндай рейдтер төрт жақты меморандумға қол қоюдың арқасында жүзеге асып жатыр», — дейді Алматы облыстық сот орындаушылар палатасы төрағасының орынбасары Руслан Исаев. Оның айтуынша, рейдтердің арқасында 2 млрд 150 млн теңге мемлекеттік бюджетке қайтарылған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда