jasqazaq.kz

«Қарыз болғаны үшін сәбиді балабақшада кепілде ұстаған» (Видео)

20 қыркүйек 2022, 11:10

Талдықорғанда бала күтуші 3 жасар баланы өлімші етіп сабады деген күдікке ілінді. Ал нәресте Жетісу облысының балалар ауруханасында көз жұмды.

Бұл туралы анасы Мәдина Тәукенова айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Анасының видеосы angry_taldyk парақшасында жариялады.

Дәрігерлер сәбиге көптеген дене жарақаттары түскен және миына қан құйылған деген диагноз қойды. Жарақат алған бала 12 қыркүйекте қайтыс болды, бірақ бұл туралы жексенбі күні ғана белгілі болды.

Сәбидің өліміне қатысы бар деген күдікпен бұрын балаға күтуші болған 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол алдымен уақытша ұстау изоляторына қамалды, кейін Талдықорған соты үйқамаққа алу туралы шешім шығарған.

Марқұм сәбидің анасы Мәдина ТӘУКЕНОВА-ның айтуынша, баспанасының жоқтығынан балалармен бірге бола алмай, оларды тәулік бойы жұмыс істейтін жеке үй балабақшаға берген. Ақы төлеуді кешіктірген, осы жағдай оның баласының қорлық көруіне әкеп соққан болуы мүмкін екен.

– Қарлығаш маған телефон соғып, баламның жағдайы нашар екенін айтты. Мен бірден шығыс шағын ауданындағы соларға келдім. Ол көгеріп, сөйлей алмай қалыпты, — деп еске алады Мәдина. — Мен одан не болғанын сұрадым, күтуші оның жуынатын бөлмеде құлап қалғанын айтты. Мен ұлымды ауруханаға апардым…

Мәдинаның өзі жеке үйдегі тәулік бойы жұмыс істейтін балабақша тәрбиешісіне 61 860 теңге қарыз болыпты. Қарызының кесірінен жекеменшік балабақшаның иесі Қарлығаш Мадинаның балаларын кепілге алған!!

Мадина 102-ге хабарласуға қорыққан. Ол балаларын бейтаныс адамдарға қалдырғаны үшін жауапқа тартама деп сескенген көрінеді. Қазір тергеу Қылмыстық іздестіру бөлімінің 106-бабы бойынша жүргізіледі. Істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Сандугаш Дуйсенова (@angry_taldyk)

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық