jasqazaq.kz

Қарындасы қамаудағы ағасына телефонды бауырсаққа жасырып бермек болған

25 қыркүйек 2020, 12:29

Қызылордадағы тергеу изоляторына бауырсаққа жасырып телефон өткізбек болған қыз анықталды. Бұл туралы аспа облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

«Қызылордада тергеу изоляторында қамауда отырған ағасына қарындасының алып келген сәлем-сауқатын тексерген мекеме қызметкерлері бауырсаққа жасырылған тыйым салынған затты тауып тәркіледі. Қарындасы Nokia маркалы телефоны мен қуаттағыш құрылғысын фольга кағазына орап, бауырсақ ішіне жасырып өткізбек болған. Қамаудағы ағасы ҚР ҚК-нің 106-бабымен 8 жылға бас бостандығынан айырылған», — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес іс-құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық