Әскери бөлімнен қашып кеткен әскери қызметшіні іздеуге қатысты операция аяқталды.Бұл туралы ҚР ІІМ баспасқөз қызметі ҚазАқпарат хабарлайды.
«ІІМ және ҰҚК қызметкерлерінің арнайы жедел тобы атыс қаруын ұрлап, әскери бөлімді тастап кетіп қалған 1995 жылғы Абылай Бағдатұлы Балғынбайды ұстады. Қаруды ұрлауға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 291 –бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.
Шымкент қаласына таяу жердегі әскери бөлімнен келісімшартпен қызмет етіп жатқан кіші сержант А.Балғынбай бірнеше қару-жарақ алып қашып кеткені хабарланды. ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Әуеге қарсы қорғаныс әскери бөлімдерінің бірінде келісімшарт бойынша қызмет ететін кіші сержант рота бойынша кезекшіліктен рұқсатсыз кетіп қалған.
ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Садановтың айтуынша, оны ұстауға ҚР Ішкі істер министрлігінің күштері жұмылдырылған.