jasqazaq.kz

Қарулы жиһадқа шақырғандар сотталды

28 ақпан 2019, 21:22

Қарулы жиһадқа шақырғандар сотталды Ақтөбеде әріптестеріне «Ислам мемлекеті» ұйымының идеяларын насихаттап, қарулы жиһадқа шақырған 2 тұрғын сотталды. Енді 27 жастағы Қуанышбек Жайлаубаев 8 жылға, 33 жастағы Азамат Баймұрзин 7 жылға бас бостандықтарынан айрылды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Теміржан Алданов, Ақтөбе қалалық сотының судьясы:

— Терроризмді топ адамдар болып насихаттады деген бап бойынша тағылған дәлелдер толық деген шешімге келдім. Өздеріңіз де оны мойындадыңыздар ішінара болса да.

Бұл екеуі жұмыспен қамту орталығы арқылы құрылыс нысандарының біріне күзетші болып орналасқан. Онда текке отырмай, жұмысшыларды жиһадқа үгіттеген. Тіпті, Қазақстанның жазық далада орналасқанына өкініш білдіріп, таулы мекенде тұрғанда жұрттың бәрі қарулы моджахедке айналар еді деген армандарын ашық айтыпты. Сотталушының екеуі де құжаттағы аттарынан бас тартып, өздеріне Юсуп пен Аббас деген есімдер таңдап алған. 27 жастағы Қуанышбек Жайлаубаев бұрын да істі болған. Ол кезде де лаңкестікті насихаттағаны үшін түрмеге отырып шығыпты. Сондықтан ендігі жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өткізеді. Бірақ мұнымен сотталушының туыстары келіспейді.

Орынгүл Жайлаубаева, сотталушының анасы:

— Үкім енді өзгермейтін шығар. Мен арыздансам олар одан сайын көбейтіп берейін деп тұр. Әділет жоқ. Әділетсіз бәрі. Балам ештеңе айтпаған жұмыста. Сөзін тыңдадым мен стенографияда. Томда өтірік жазған бәрін.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда