jasqazaq.kz

Қарулы топ әжетхана қағазын ұрлап кетті

17 ақпан 2020, 15:27


Тұтынушылар кеңесінің бас директоры жергілікті тұрғындарға әжетхана қағазын жаппай сатып алып, оны үйде сақтауға болмайтынын ескерткен.
Гонконгта әлемдік дүрліктірген коронавирустың таралуына байланысты тұрмыстық қажеттіліктердің жетіспеушілігі байқалуда. Осы алаңдаушылықты сәтті пайдаланған қарулы ұрылар 600 орам әжетхана қағазын жымқырып кетті.

Бетперде киген үш адам дүйсенбі күні таңғы сағат 6-да Гонконг қаласында орналасқан дүкендердің біріне зат жеткізіп түрған адамды дүкен алдында тонап кеткен. Олар құрбандарынан 50 қаптама әжетхана қағазын қарақшылық жолмен ұрлап кеткен. Осы оқиғаға қатысты, полиция дерегіне сүйенсек, әлгі ұрлықшылардың бірінде пышақ болған. Олардың 130 доллар шығын келтіргені белгілі болды.

Естеріңізде болса, бұған дейін жергілікті БАҚ коронавирустың өршуіне орай, Гонконг тұрғындары тауар жетіспеушілігіне байланысты сыбыс тарағандықтан алаңдап, ең қажетті ет, күріш, жайма, әжетхана қағазын, сабын секілді заттарды жаппай сатып алып жатқаны туралы хабарлаған еді. Ал жексенбі күні Гонконг тұтынушылар кеңесінің бас директоры жергілікті тұрғындарға әжетхана қағазын жаппай сатып алып, оны үйде сақтауға болмайтынын ескерткен. Себебі, ылғалды ауа райының әсерінен ұзақ сақталған қағаз суланып, көгеріп кетеді.

 Skifnews.kz 

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия