jasqazaq.kz

Қаруланған қарақшы «Қазпошта» филиалын тонады

24 қыркүйек 2018, 13:54

Атырау қаласында «Қазпошта» АҚ бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау қаласында облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері «Қазпошта» АҚ бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады. Бетперде киген шабуылдаушы ғимаратқа еркін кірген. Кассирді тапаншамен қорқыту арқылы шамамен 1 млн теңгені алып, белгісіз бағытқа із суытқан», — деді Алмас Садубаев. Ресми өкілдің айтуынша, полиция қызметкерлерінің жедел қабылдаған шараларының нәтижесінде қылмысқа күдікті анықталып, қолға түскен. «Ол жергілікті тұрғын болып шықты және өз кінәсін мойындады. Ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді ол.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді