jasqazaq.kz

Қаруды заңсыз сатпақ болған жамбылдық ұсталды

03 мамыр 2022, 17:07

«ҚР Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты қайтару жұмыстарының нәтижесі туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ішкі істер органдары ұрланған, заңсыз сақтаудағы және тіркелмеген қаруды табу мен алып қою бойынша жұмысты жалғастыруда. 1 499 қару мен 35,6 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Мәселен, Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде оқ-дәрісі бар 2 «калашников» автоматын сатпақшы болған жергілікті тұрғынды анықтады. Күдікті соттың шешімімен күзетпен қамауға алынды», — деді Тергеу департаментінің бастығы.

Оның мәліметі бойынша, түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде азаматтар 145 қаруды өз еркімен тапсырған.

«Өткен апта ішінде ғана Алматы облысында азаматтар 3 тегіс ұңғылы мылтықты берді. Қабылданған шаралардың арқасында полиция қызметкерлері жалпы сомасы 340 млн теңгеден асатын азаматтардың мүлкін тауып, қайтарды. Мысалы, биыл 5 қаңтарда Алматы облысының 4 тұрғыны Алматы қаласында Әлімжанов көшесіндегі «Кcell» акционерлік қоғамның филиалынан жалпы сомасы 3 млн 555 мың теңгеге 27 ұялы телефонды ұрлаған. Күдіктілер ұсталды және соттың санкциясынан оларға кепіл түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Медеу ауданы сотының үкімімен олар кінәлі деп танылды және жағымды мінездемелері, залалдың орнын толтырғаны ескеріліп, үш жылға бас бостандығын шектеуге сотталды», — деді Санжар Әділов.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр