jasqazaq.kz

Қару-жарақ сатып келген қылмыстық топ құрықталды

25 шiлде 2019, 12:38

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында атыс қаруын заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтардың заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жасырын тергеу барысында 8 «Калашников» автоматы және 2 тапаншаны сату фактілері анықталды. Аталған қару заңда белгіленген тәртіппен алынды. «18 және 19 шілдеде Алматы және Шымкент қалаларында топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция өткізілді. Олардың кейбірі деструктивті діни ағымдарды ұстанушы және «ұрылар қауымдастығы» аталмыш өкілдерімен тұрақты байланысы бар адамдар» делінген хабарламада. Тінту кезінде фигуранттардың бірінің тұрғылықты мекенжайы бойынша қолмен құрастыруға және қаруды қайта жасауға арналған станок пен құрал-саймандар табылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы аумағына қару әкелетін кезекті ірі арна жойылды. Ұсталған адамдар бұрын сатқан криминалдық қаруды заңсыз айналымнан алу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде