jasqazaq.kz

Қару-жарақ сатқан қылмыстық топтың мүшелері сотталды (видео)

10 қазан 2019, 18:22

Жауынгерлік қару өткізумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелеріне сот үкімі шықты.Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Қылмыстық бизнесті ұйымдастырушы С. Бимурзин ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі, ал оның сыбайласы Ф. Турсунов ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі және 296-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Олар тиісінше 5 және 4 жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ құқық бұзушылықты бірінші рет жасағанын, кінәсін мойындағанын және тергеумен қарқынды ынтымақтастығын ескере отырып, жаза шартты түрде тағайындалды. 15 ақпанда ҰҚК Нұр-Сұлтан қалалық департаментінің қызметкерлері С. Бимурзиннен 605 мың теңгеге бәсеңдеткіші бар «ТТ» тапаншасы мен 10 патронды «жасырын « сатып алған болатын. 2019 жылғы 18 ақпанда олар тағы да бәсеңдеткіші бар «ПБ» тапаншасы мен 50 патронды 675 мың теңгеге «сатып алды». Ол Ф. Тұрсыновқа тиесілі «Kaspi Gold» банк картасына аударылды. 12 наурызда ҰҚК Алматы және Нұр-Сұлтан қалалық департаменттерінің қызметкерлері мен Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесі С. Бимурзин мен Ф. Турсыновты ұстады. Ф. Тұрсыновтың тұрғылықты жерін тінту кезінде «Reck» маркалы газбен атылатын тапанша, салмағы 196 гр марихуанасы бар үш полиэтилен пакет, «Kaspi Gold» банк картасы, сондай-ақ іс үшін мәні бар өзге де заттар табылды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда