jasqazaq.kz

Қару-жарақ алып өтпек болған ресейлік ұсталды

18 қараша 2019, 17:28


Петропавл шекара жасағының «Жаңа жол» өткізу пунктінің шекара жасағы РФ-дан ҚР-ға Toyota Land Cruiser 200 автомашинасымен келе жатқан 1971 жылғы туған ресейлікті ұстады.

Бұл туралы tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Ұстауға автокөліктің жүк салғышын тексеру кезінде табылған қару-жарақ арсеналдары себеп болды. Ұсталған жүктің толық тізімі: колиматорлық көздеуіші бар Remington 870 express қаруы — 1 дана, 366 калибрлі TG-2 қаруы — 1 дана, 12 калибрлі оқ-дәрілер — 49 дана, 366 калибрлі оқ-дәрілер — 62 дана, магазин — 2 дана, 10х22 калибрлі Grandpayer Т-10 травматикалық тапаншасы — 1 дана, тапаншаның оқ-дәрілері — 18 дана, магазин — 2 дана. Ұсталған азамат табылған заттарымен бірге Мамлют аудандық полиция бөліміне тапсырылды», — делінген хабарламада. Сондай-ақ Қостанай шекара жасағының «Қайрақ» өткізу пунктінің шекара наряды ҚР-дан РФ-ға Audi автомашинасымен кетіп бара жатқан 1983 жылғы РФ азаматын ұстады. Ұстауға жеке тексеру кезінде табылған марихуана себеп болған. Ұсталған азамат Қарабалық аудандық полиция бөліміне тапсырылды. Қорғас шекара бақылау жасағының ШЫХО өткізу пунктінде ШЫХО-дан ҚР-ға жаяу келе жатқан 1999 жылғы екі ҚР азаматы ұсталды. Олдардың қол жүктерінің ішінен Қытайда өндірілетін MONT маркалы 5000 дана темекі өнімдері табылды. Олар «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкеріне тапсырылды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда