jasqazaq.kz

Қару саудагері ұсталды

26 қазан 2019, 14:00

Ақтауда полиция қызметкерлері қару-жарақ пен оқ-дәрі сатқан адамды ұстады. Бұл туралы  Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Жергілікті қару сатушысы 25 қазанда ұсталды. Тінту барысында одан 12 қару мен 1497 дана оқ-дәрі тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір криминалдық полиция қызметкерлері оның басқа қылмыстарға қатыстығын тексеріп жатыр. «Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», — деді облыстық полицияның баспасөз қызметі.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық