jasqazaq.kz

Қару сатқандар ұсталды

07 маусым 2019, 14:03

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарынан тұратын қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті, олар ұзақ уақыт бойы криминалды атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатумен айналысқан. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Тengrinews.kz хабарлады.

«2019 жылғы 5 маусымда ҰҚК «А» арнаулы мақсаттағы қызметін тартумен ірі ауқымды арнайы операция жүргізілді, оның барысында осы қылмыстық топтың 6 мүшесі ұсталды. Тінту жүргізу кезінде 3 гранатаатқыш, 2 «Калашников» автоматы, 5 тапанша, 3 дыбыс бәсеңдеткіш, оптикалық көздеуіш, сондай-ақ әртүрлі калибрдағы 1400 бірлік оқ табылып, тәркіленді», — делінген хабарламада.

Фигуранттардың бірінің тұрғылықты жері бойынша қаруды жинау және қайта жасау үшін арналған жасырын шеберхана, сондай-ақ көп мөлшерде әртүрлі құрамдас бөліктер (ұңғылар, оқжатарлар, тұтқалар, бекіту тетіктері мен басқалары) табылды. Одан басқа, қолдан жасалатын жарылғыш құрылғыларды жасау үшін компоненттер (селитра, жарылғыш дәрі және басқалары) алынды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, оның аясында тергеу осы топтың әрекетіне қатысы бар барлық адамдарды, оның ішінде криминалды қаруды сатып алушыларды анықтайтын болады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда