jasqazaq.kz

Қартайған ата-ана баласынан алимент өндіре ала ма?

04 қантар 2020, 12:31

Кәмелет жасына толған баладан алимент өндіруге бола ма? ҚазАқпарат осы мәселеге қатысты заңгердің жауабын ұсынады.

Қызылорда облысынан хабарласқан оқырман 5 жыл бұрын әйелімен ажырасқанын және әйелінде қалған баласына алимент төлеп жүргенін айтты. «Кейін балам кәмелет жасына толып, жұмыс істеп жүрген жағдайда оған төлеп келген алиментті өндіріп ала алам ба? Өндіріп алудың шарттары қандай? «, — деп сұрайды оқырман. Оқырман сұрағына «AR Legal Expert» заң компаниясының заңгері Ақниет Мұқанов жауап берді. «Егер сұрақ қойған азамат баласына алимент төлеп жүрген болса, кейін қажет болған жағдайда баласынан алимент талап ете алады. Алимент талап етуге зейнет жасына жету немесе жазатайым оқиғадан жұмысқа қабілетсіз болып қалу және басқа да жағдайлар себеп болуы мүмкін. Әкесі «Осынша мөлшерде қаражат аударып тұруы керек» деп талап қойған кезде сот оның баласының материалдық жағдайын, жалақысын ескере отырып шешім қабылдайды. Мысалы, шартты түрде алып қарағанда баласының жалақысы 100 мың теңге болса, оның 10-20 мың теңгесін әкесіне беріп отыруы керек болады. Осындай жағдайдың болуы мүмкін екенін білетін кейбір ана болашақта баласын әкесі мазаламас үшін бұрынғы жұбайынан алимент талап етпейтін жағдайлар да практикамызда кездесіп жатады», — дейді заңгер.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия