jasqazaq.kz

Қарт ананы тірідей өртемек болған

23 маусым 2018, 11:06

Түн ортасында белгісіз азамат кейуананың үйіне баса-көктеп кіріп, оны тірідей өртеп жібермек болған.

Оқыс оқиға Оңтүстік Қазақстан облысы Қарабұлақ ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Түн ортасында белгісіз азамат сексеннің сеңгіріне шыққан қарт ананы үстіне жанармай құйып, тірідей өртеп жібермек болып талпынған. Жанұшыра көмек сұраған әжейдің дауысынан жанында жатқан немересі алғаш естіп, көмек көрсеткен. Адам нанғысыз оқиға ағайын-туыс пен көрші-қолаңды аяғынан тік тұрғызған. Өткен жылы да қарт әжейдің басынан дәл осындай жағдай орын алыпты. Оқыс оқиға орын алған сәтте көпшілік бірден жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріне қоңырау шалған. Сол күні сағаттап күттірген жедел жәрдем жетіп, қарт ананы аурухана әкетіпті. Алайда өкініштісі сол, жаны қиналған жанға алғашқы көмек көрсетудің орнына, үйлеріңе қайта беріңдер деп кеңес беріпті. Көз жасын көл еткен көпбалалы ана полиция қызметкерлері таңертең келді деп шағымын айтты. Орын алған оқыс оқиғаны тәртіп сақшылары бақылауға алды. Олар сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Ағайын-туыс тілсіз жаудың қасақана қойылғанына сенімді.

otyrar.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді