jasqazaq.kz

Қарт ана Сириядағы соғысқа кетіп қалған қызын қайтара алмай жүр

13 шiлде 2018, 15:29

Алматы облысының тұрғыны осыдан бес жыл бұрын Сирияға отбасымен кетіп қалған қызын елге қайтара алмай жүр. Халима Бейсембекова тіпті, сол уақыт аралығында Шам жерінде туылған екі жиенін де көрмеген деп хабарлайды 31 арна.

Нұргүл мен Кенжебек Ахмадиевтар үш баласымен бірге Сириядағы соғысқа аттанып кетіп қалған. Бес жыл бойы сонда тұрған ерлі-зайыптылардың Шам жерінде тағы да екі баласы дүниеге келді.

Халима әжей аса қауіпті жерге қоныс аударған қызын Қазақстанға қайтара алмай әлек. Жиендерін қатты сағынған апа оларға ұялы телефон арқылы хабарласып, видео қоңырау шалып бет-жүздерін көрісіп тұрады. Бірақ мұндай сәттер өте сирек болып тұрады дейді әжей.

Сирияға кеткен қыз-күйеу баласының бұл жақтағы туыстарымен үнемі тілдесе беруге мүмкіндіктері жоқ. Мүмкіндіктері болғанда да жарытып сөйлесе қоймайды.

Мектепті қызылға бітіріп, екі бірдей жоғарғы оқу орнын тәмәмдаған кенже қыздың осылайша Сирияға ат басын бұрып кетерін ешкім ойламаған. Болашағынан үлкен үміт күттірген қыз өзгенің сөзін елемей, күйеуінің артынан Шам еліне бір-ақ кетті.

Ал Қоғамдық даму министрлігіне қарасты қоғамдық даму комитет төрағасының орынбасары дәл қазіргі уақытта Сирияда жүрген қазақтардың нақты санын айту қиынға соғатынын айтты.

«Бір кездері олардың саны 400-ге жуық деген болатын. Қазір 300-ге дейін төмендегені айтылып жатыр. Бірақ нақты мәліметті ешкім айта алмайды деп ойлаймын», – деп айтты төрағасы орынбасары Балғабек Мырзаев.

ҚР ҰҚК желтоқсан айында берген мәліметіне сүйенсек, Сирия елінен елімізге 125 адам оралып, оның 57-сі қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді