jasqazaq.kz

Қарша бораған оқтан 47 жастағы азамат мерт болды (видео)

11 қыркүйек 2020, 23:01

Ақтауда атышулы қылмыстық топтың белді мүшесінің өліміне қатысты ақпарат айтыла бастады. Кеше қала ортасында қарша бораған оқтың астында қалған 47 жастағы азамат тілге келмей мерт болған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

«Мұнша жарақат алған адамның тірі қалуы мүмкін емес еді», — дейді дәрігерлер. Әбден қансыраған күйі ауруханаға жеткізілген азамат ота жасау үстінде тілге келместен жүріп кеткен. Дәрігерлер оған тиген оқтың санына да жете алмапты. Өйткені бытыра оғы ішек-қарын, бауыр секілді ішкі органдарының барлығын тескен. Ажал құшқан азаматтың атышулы «Төрт ағайынды» қылмыстық тобының белді мүшесі екені айтылып жатыр. Аталған топ бұған дейін талай рет мұнай ұрлау, рейдерлік әрекет, ақша бопсалау мен қару жарақ саудасында көзге түскен. Марқұмға оқ атқан адам ұсталып, қамауға алыныпты.

Нұрбол Оқуов, Маңғыстау облыстық ДСБ баспасөз хатшысы:

— Аталған жағдай бойынша Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясына ешкім телефон шалған жоқ. Жарақат алған кісі алғашында жеке көлікпен Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді. Бытыра бірнеше жерге тиіп, бауырын, біраз жетін тесіп, екі жарым литр қан жоғалтқан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде