jasqazaq.kz

Қарияны екі жігіт киіз үйге кіргізбей қойды (видео)

25 наурыз 2018, 10:55

Наурыз мейрамы елімізде өте кең көлемде аталып өтеді. Әр мереке сайын қызметкерер өз басшылары үшін киіз үй тігіп, дастархан жаяды. Алайда бұл қарапайым халыққа арналмаған. Киіз үйге кіре алмай қор болған ақсақалды, есік алдындағы жастар қуып шыққан.

Әлеуметтік желілерде тарап кеткен мына бір видеода ақ жағалы жігіттердің киіз үйге кіргісі келген қарияны кеудесінен итеріп, есікті ашпай қойғаны түсірілген.

Видеоролик Instagram әлеуметтік желісі арқылы тараған. Оқиға куәгерлері видеоның Алматыдан түсірілгенін айтуда. Онда киіз үйге кірмек болған ақсақалды екі жас жігіт кеудеден итеріп, дөрекі сөздермен қуып шыққаны анық көрінеді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлады.

«Тамақ әлі дайын болған жоқ. Не болды сізге, тамақ көрмегенсіз бе? Мың теңгені мен-ақ берейінші. Басқа жерден сатып алып ішіңізші, мұның ішінде түк жоқ. Құдай үшін!», — деп айқайға салған жас жігіттер, ақсақалды ақыры киіз үйге кіргізбей қойған.
Әлеуметтік желі қолданушылары болса бұлардың мемлекеттік қызметкер болуы мүмкін екенін алға тартты. Ал киіз үйдің тек басшыларына жайылғанын жазып, оларды қатаң сынға алды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде