jasqazaq.kz

Қарияны балағаттаған полицей іздестіріліп жатыр (видео)

13 маусым 2019, 11:15

Желіде полиция қызметкерінің автобустағы жолаушылармен дауласқан видеосы тарады. Видео павлодарлық ақпараттар паблигінде жарияланған.

Видеодағы жолаушылардың сөзінен байқалғандай, тәртіп сақшысы қарияға бейәдеп сөздер айтып, балағаттаған. Сонымен қатар оның өзіне ұрысқан жолаушылармен дауласқаны көрінеді.

«Неліктен адамдардың құқығын бұзасың? Неге автобуста отырып адамдарды балағаттайсың?» — дейді жолаушы полицейге.

«Маған сөйлемесін», — дейді ашуланған тәртіп сақшысы.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанна Билялова видеодағы диалектінің аталған өңірге тиесілі еместігін бірден айтты.

«Дәл осы видеоны Павлодардағы барлық автопарктерге жібердік. Тексеруден кейін өңірде №20 маршруттың жоқ екені белгілі болды. Яғни Павлодар облысы полиция департаментінде мұндай қызметкер де, мұндай да автобус та жоқ», — деді ол.

Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде видеоның Алматы қаласында түсірілгенін және бейнежазбадағы әйелдің авторлығында дәл осындай көптеген видео бар екенін айтуда.

Дереккөзі: Stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде